LRT-ның монолитті балкаларын орнату жұмысы аяқталды

321

Қазіргі уақытта уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. 

LRT-ның монолитті балкаларын орнату жұмысы аяқталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысында LRT-ның монолитті балкаларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталды.

Аталған қиылыста эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты учаскеде 2023 жылғы 14 тамыздан бастап қозғалысқа ішінара шектеу қойылған еді.

Осылайша, 25 қазаннан бастап Тәуелсіздік даңғылындағы автокөлік қозғалысы толығымен қалпына келтіріледі және қозғалыс барлық жолақ бойынша жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу