LRT пойыздарының машинистеріне қосымша іріктеу жарияланды

451

Операторлар ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасады. 

LRT пойыздарының машинистеріне қосымша іріктеу жарияланды Фото: City Transportation Systems

"City Transportation Systems" ЖШС Астана қаласындағы жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларына (машинист) қосымша қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:

– жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау; 
– автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
– вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

"Операторлар ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасады. Сонымен қатар жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттырып, оқытудан өтеді. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Оқыту Астана қаласында жүргізіледі. Оқу мерзімі – 8 ай. Бағдарламаның мақсаты – мамандандырылған компанияларды жұмысқа тартпай, жеңіл рельсті көлікті пайдалану, ағымдағы және күрделі қызмет көрсету үшін білікті мамандарды даярлау", – делінген "City Transportation Systems" таратқан хабарламада.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

– темір жол көлігі саласындағы жоғары білім; 
– жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл. 
– ⁠Ауысымдық кестемен жұмыс істеуге дайын болу.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады. Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қаласы +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 31)

Айта кетейік, қазір LRT пойыздарының 29 операторы Тяньцзинь қаласында (ҚХР) оқып жатыр. Оқудың аяқталуы қыркүйек айында сынақ сапарларының басталуына жоспарланған. Оқыту мердігер ұйым – China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясымен LRT салу шартының шеңберінде іске асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу