LRT жүйесінде қауіпсіздік талаптарын бұзу деректері тіркелді

427

LRT жүйесінде жолаушылар тарапынан қауіпсіздік ережелерін бұзу жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

LRT жүйесінде қауіпсіздік талаптарын бұзу деректері тіркелді Фото: Ақорда

City Transportation Systems мекемесінің мәліметінше, жолаушылар арасында келесі қауіпсіздік бұзушылықтары болған:

– станса платформасындағы шұғыл тежеу батырмасын негізсіз басу;

– пойыз ішінде қорғаныш әйнектің артындағы платформалық есіктерді ашу үшін арналған шұғыл батырманы іске қосу;

– вагон есіктерін іштен өз бетінше ашуға әрекет жасау;

– есік жақтауларының арасына қол салып, есіктердің жабылуына кедергі келтіру.

– LRT жүйесі толық автоматтандырылғандықтан, мұндай әрекеттер қауіпсіздік қатері ретінде қаралады. Бұл пойыздың тоқтауына және диспетчерлік қызметтің қосымша тексерулер жүргізуіне әкеледі. Жолаушылардан LRT пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Желінің кернеу астында екенін ескеріңіз. Әрбір пойыз құрамында оператор бар, ол тек электр қуаты өшірілгеннен кейін есіктерді аша алады, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, қауіпсіздік ережелерін бұзғандар стансалар мен вагондардағы бейнебақылау камералары арқылы анықталады. Бұл жағдайлар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жолданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу