LS: Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде инфляциясы ең жоғары ел – Қазақстан

363

Былтыр ЕАЭО-дағы инфляция 12,9% құраған.  

LS: Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде инфляциясы ең жоғары ел – Қазақстан Фото: akchabar.kg

Ал, Қазақстанда бір жылда азық-түлік емес тауарларға баға 19,4%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz LS-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы азық-түлік емес тауарлар ең көп - 13,3% қымбаттады. Ақылы қызметтердің бағасы 12,9%-ға, ал азық-түлік тауарларының бағасы 12,2%-ға өскен.

Бұл ретте өткен жылы инфляцияның ең жоғары деңгейі Қазақстанда (20,3%), Қырғызстанда (14,7%) және Беларусьте (12,8%) тіркелді. Ал  Ресейде 11,9%,  Арменияда 8,3% болды.

Атап айтқанда, азық-түлік Қазақстанда (25,3%-ға) және Қырғызстанда (17,1%) қымбаттады. Беларусьте бұл көрсеткіш 13,8%, Ресейде – 10,3% құрады. Ал Арменияда (9,9%) қымбаттаған.

Азық-түлік емес тауарларға баға Қазақстанда бір жылда 19,4%-ға, Беларуссияда -13,7%-ға өсті. Қырғызстан мен Ресейде өсім 12,7%-ға жетті, ал Арменияда ол тек 7,1%-ға тең болды.

Ақылы қызметтердің бағасы Қазақстанда 14,1%-ға, Ресейде – 13,2%-ға, Беларусьте -10%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда (9,1%-ға) және Беларусьте (7,2%-ға) қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу