banner

Луценко "Оман турының" бесінші кезеңінде екінші орынға ие болды

504

"Оман туры" велокөпкүндігінің бесінші кезеңі аяқталды.  

Луценко "Оман турының" бесінші кезеңінде екінші орынға ие болды

Бұл кезең қорытындысы бойынша "Астана" командасының велошабандозы Алексей Луценко көзге түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

162 шақырымға созылған таудағы жарыс жолында UAE Team Emirates командасының өкілі Тадей Погачар мәре сызығын бірінші болып кесті. Алексей Луценко екінші, Mitchelton–Scott командасының мүшесі Адам Йетс үшінші орында. 

Жалпы есепте айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Йетс бірінші, Погачар екінші, Луценко үшінші орында келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу