Лудомандарды емдейтін орталықтардың денінде тиісті лицензия жоқ

436

Елімізде лудомания дертін емдеудің концепциясы бекітілмеген. 

Лудомандарды емдейтін орталықтардың денінде тиісті лицензия жоқ Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанда лудомандарды емдейтін орталықтардың денінде лицензия жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат Алматыдағы республикалық психикалық ғылыми-практикалық орталығы түрлі деңгейдегі психологиялық дертке жататын ауруларды зерттейтінін атап өтті. 

"Бұл – ресми орталық. Дәл сол орталықтың директоры елімізде лудомания дертінің нақты салдары мен оны емдеу концепциясы бекітілмегенін айтты. Бүгінде (орталық) 12 млн теңге қаражат сұрап отыр. Бірақ министрлік (ред. –Денсаулық сақтау министрлігі) ол қаражатты бөлуге құлықсыз. Сондықтан бізге осы мәселемен айналысу керек. Елімізде лудомандарды емдейміз деген орталықтардың жартысынан астамынын тиісті лицензиясы жоқ", - деді депутат.

Сөзінше, лудомандармен кездескен кезде олар тәулік бойы жұмыс істейтін ломбардтарды жабу мәселесін көтерген.

"Ұрлап алсақ та, жырлап алсақ та, осы ломбардтарға күн-түн демей тапсыратынын, құжат та сұралмайтыны, ұрлап алған-алмағаны тексермейтінін айтады. Емдеу орталықтарының құны бір адам басына шаққанда 500 мың, 1 млн теңге дейді. Бұл бергі жағы ғана. 2-3 млн теңгеге дейін бір адамды емдейді", - деп жалғастырды ол. 

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев аталмыш емдеу орталықтарына барып, мәселемен жіті танысқанын айтты. 

Айта кету керек, осыған дейін депутат Ринат Зайытов бір лудоманды емдеуге 1 млн теңгеге дейін қаржы кететінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу