Германияның Lufthansa әуе компаниясының басшылығы бүгінгі күнге жоспарланған 912 рейсті ұшырған жоқ, деп хабарлайды "КоммерсантЪ".
Әуеге көтерілмеген рейстердің арасындағы 51-і – алысқа сапарлайтын рейс.
Компания өкілдерінің айтуынша, рейстердің өзгеріске ұшырауынан 115 мың жолаушы зардап шегіп отыр. Мұның алдында Франкт-на-Майне соты Lufthansa әуе тасымалдаушысының ұшқыштардың ереуілін болдырмау үшін уақытша ұйғарым енгізу туралы талабын қанағаттандырмай тастаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Lufthansa қызметкерлері бес жылдан бері көтерілмей келген еңбекақыны жоғарлатуды талап еткен еді. Осыған байланысты еңбекақыны 20%-ға көтеру қажет, ол жылсайынғы 3,66% өсімге сәйкес келеді деп санайды компанияның кәсіпкерлер одағы.