Луговая станциясы Түрксіб болып аталды

1364

Үкімет Қаулысымен сондай-ақ өзге де бірқатар станцияның атауы өзгерді.

Луговая станциясы Түрксіб болып аталды

ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 23 қазанындағы "Теміржол вокзалдары кешені мен кейбір теміржол станцияларын қайта атау және станциялар транскрипцияларын өзгерту туралы" Қаулысына сәйкес Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Луговая теміржол станциясы Түрксіб станциясы болып  аталды, деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Теміржолшылар атап өткендей, бұл – магистралды дамыту үшін еңбек еткен мыңдаған адамның маңдай терін бағалап, станция тарихына құрмет білдіру.  

Станция атауын өзгерту Түркістан-Сібір темір жолының мерейтойымен арнайы сәйкестендірілді. Тура 90 жыл бұрын Түрксіб бойынша өтпелі жұмысшылар қозғалысы басталды. 

Сібірден Орталық Азияға тартылған темір жолы экономика дамуының негізі болып, өңірге жеделдетіп қоныстануға және игеруге, оның табиғи байлықтарын өндіруге, өндіріс пен сауданың пайда болуына ықпал етті. Қазақтар Түрксібті "жаңа өмір жолы" деп атады. Болат магистралдың арқасында Алматы уездік қаласы республиканың әкімшіліктік және мәдени орталығына айналды және Жаңасемей, Чарск, Ақтоғай, Лепсі, Матай, Сарыөзек, Шу, Аягөз, Отар сияқты және өзге де көптеген жаңа қалалар мен станциялар пайда болды.  

Магистралдың құрылысы оңтүстік пен солтүстікте де бірдей жүргізілді. 1927 жылдың шілдесінде Семейде, ал қарашада Луговая станциясында алғашқы рельс төселді. Түрксібтің болат магистралы 1,5 мың километрге созылды. 

1930 жылдың 25 сәуірінде Түрксіб рельстері қосылып, өтпелі қозғалыс үшін жол ашылды. Луговой станциясынан пойыздар Таразға, Шуға және Бішкекке жүрді. 

Үкімет Қаулысына сәйкес сондай-ақ жаңа теміржол вокзал кешені – Нұрлы жол теміржол вокзал кешені, Ақмола ЖТ бөлімшесінің Астана Нұрлы жол станциясы – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол, Ақмола ЖТ бөлімшесінің ОП-39 станциясы – Өндіріс станциясы, Ақмола ЖТ бөлімшесінің Компала станциясы – Көкала станциясы, Қарағанды ЖТ бөлімшесінің Весна станциясы – Ақжолтай станциясы, Қарағанды ЖТ бөлімшесінің Промежуточная станциясы – Мыңбала станциясына, Солтүстік Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Новоишимка станциясы – Жаңаесіл 2 станциясы, Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Серебрянка станциясы – Күмістау станциясы, Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Селезневка станциясы – Көкжиек станциясы, Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Огневка станциясы – Таусамалы станциясы, Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесінің Зыряновск станциясы – Алтай теміржол станциясы болып қайта аталды. 

Сондай-ақ қаулымен кейбір теміржол станциялары атауларының транскрипциясы өзгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу