39 жастағы футболшы Instagram парақшасында маусым соңында клубтан кететінін жазды. Ол Ақтөбедегі соңғы үй матчынан кейін жанкүйерлерге, клуб қызметкерлеріне және Қазақстан халқына ризашылығын білдірді.
"Бұл менің Ақтөбедегі соңғы үй матчым болды. Бізбен бірге өткен ерекше кезең аяқталуға жақын. Бірақ қандай керемет жолдан өттік! Осы тамаша клубтың барлық қызметкеріне, Ақтөбе қаласының тұрғындарына және бүкіл Қазақстан халқына алғыс айтамын. Мені жылы қабылдап, ұмытылмас сәттер сыйлағандарыңыз үшін рақмет! Чемпионатта әлі бір ойын бар. Осы кезеңнен алған әсерім мен жылы естеліктерім жүрегімде мәңгі сақталады", – деп жазды футболшы.
Нани "Ақтөбеге" 2026 жылдың қаңтарында қосылған. Оның клубпен келісімшарты осы маусымның соңына дейін жасалған болатын.
Қазақстан Премьер-лигасында португалиялық жартылай қорғаушы 23 матчқа қатысып, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Ал Қазақстан кубогында екі кездесуде алаңға шығып, екі голдың авторы атанды.
"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы соңғы ойынын Қостанайда "Тобылға" қарсы өткізеді. Осы кездесуден кейін Нанидің қазақстандық клубтағы мансабы аяқталады.