Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

534

Инаугурация жасырын түрде өтті. 

Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Александр Лукашенко Белоруссия президенті қызметіне ресми түрде кірісті.Бұл туралы БелТа агенттігі мәлім етті. 

Салтанатты шара Минсктегі тәуелсіздік сарайында өткен. Оған жоғары лауазымды шенеуніктер, парламент депутаттары, БАҚ жетекшілері, мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.

Лукашенко Конституцияға қолын қойып, белорус тілінде ант қабылдаған. Содан кейін антты қабылдау туралы актіге қол қойды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина оған президент куәлігін табыстаған. 

23 қыркүйекте Минск қаласының орталық көшелері жабылды. Мемлекеттік емес жергілікті басылымдар бұл жасырын инаугурация үшін қабылданған шара деп жазған еді. Бірақ бұл ақпаратты билік ресми түрде жарияламады.

9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін жаппай ереуілдер әлі күнге дейін басылмай тұр.

Саяси тартыста қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинаған болатын. 

Еуроодақ сайлау қорытындысын мойындамай отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу