Беларусьте өткен президент сайлауында қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жетті. Бұл экзитпол деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс-қа сілтеме жасап.
"Сауалнама нәтижелері бойынша Беларусь президенттігіне үміткерлер Олег Гайдукевичке сайлаушылардың 1,8%-ы дауыс берді; Анна Канопацкаяға – 1,6%; Александр Лукашенкоға – 87,6%. Сергей Сыранков 2,7% дауыс жинады, Александр Хижняк – 1,2%, "барлығына қарсы" – 5,1%", – деп хабарлады Беларусьтің алғашқы ақпараттық телеарнасы.
Сауалнама 320 сайлау учаскесінде жүргізілді, онда 1 мың интервьюер сауалнама жүргізді. Ол учаскелердің ашылуынан бастап кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізілді.
Қатысушылардан кандидаттардың қайсысына дауыс бергені сұралды. Жалпы 11 948 адаммен сұхбат жүргізілді, ол анонимді өтті.