Лукашенко Беларусь-Ресей әскерлерінің тобын елде орналастыру туралы жариялады

501

Александр Лукашенко мен Владимир Путин бірлескен аймақтық әскерлер тобын орналастыруға келісті. 

Лукашенко Беларусь-Ресей әскерлерінің тобын елде орналастыру туралы жариялады

Бұл туралы бүгін, 10 қазанда Беларуссия басшысы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

Лукашенко Санкт-Петербургте ТМД-ның бейресми Саммитінен кейін Владимир Путинмен жеке кездесу өткенін еске салды.

"Одақтас мемлекеттің батыс шекараларындағы шиеленіске байланысты біз Ресей Федерациясы мен Беларусь аймақтық тобын орналастыру туралы келістік. Мұның бәрі біздің құжаттарымызда. Егер қауіп деңгейі қазіргі деңгейге жетсе, біз одақтас мемлекетті топтастыруды бастаймыз. Бұл топтың негізі (мен бұл туралы әрдайым айттым) — армия, Беларусь Қарулы Күштері. Бұл топтастырудың қалыптасуы Менің арнайы бұйрығыма сәйкес басталды. Екі-үш күн болды ғой деймін", - деді ол.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу