Лукашенко Беларуське шабуыл жасалса, үшінші дүниежүзілік соғыс болатынын ескертті

514

Үкімет өз кезегінде Беларусьте соғысты болдырмауға барын салады, деді Беларусь басшысы.

Лукашенко Беларуське шабуыл жасалса, үшінші дүниежүзілік соғыс болатынын ескертті Фото: Вячеслав Прокофьев / ТАСС

Александр Лукашенко Беларусь аумағына шабуыл үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуын білдіретінін халық бірлігі күніне арналған форумда айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мен қарсыластарымыз бен жауларымызға ескерту жасағым келеді. Беларуське шабуыл, есіңізде болсын, бұл үшінші дүниежүзілік соғыс", — деді Беларусь басшысы.

Беларусь билігі ел аумағында қарулы қақтығыс болмауы үшін бәрін жасайды, деп атап өтті Лукашенко.

"Біз жауапсыз қалмаймыз", - деп түйіндеді ол.

Украинадағы соғыс басталғаннан кейін батыс Ресей мен Беларуське қарсы санкциялар енгізді, соңғысы Мәскеуді қолдады деп айыпталды. Беларусь СІМ-де мұндай айыптаулар абсурд деп аталды. Лукашенконың айтуынша, Минск қақтығысқа ұмтылмайды, бірақ соғысқа дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу