Лукашенко Беларусьтегі әскери белсенділіктің себебін түсіндірді

573

Беларусь сыртқы әскери қауіпке дайын болуы керек. 

Лукашенко Беларусьтегі әскери белсенділіктің себебін түсіндірді Фото: president.gov.by

Бұл туралы бүгін Александр Лукашенко елдің күш блогын тексеру қорытындылары шығарылған кеңесте мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Бейбітшілікті қаласаң - соғысқа дайын бол. Мен, сіз ойлап тапқан нақыл сөз емес, байырғы заманнан айтылып келе жатқан ақиқат. Біздің Ресей Қарулы күштерімен бірлескен қорғану әрекеттерімізге қатысты интернетте қаптап жүрген сыни сөздер мен қауесеттерге айтар жауабым осы", — деді ол.

Лукашенко Беларусь пен Ресейдің о баста жасаған келісіміне сәйкес одақтас мемлекетке төнген қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет ету үшін қарулы күштер тобы құрылғанын еске салды.

"Біз бірлескен жаттығуларды бұған дейін де жасадық және алдағы уақытта да өткіземіз. Тек қазір оқу-жаттығу шеңбері қалыптасқан жағдай мен қауіп-қатерге байланысты анағұрлым ауқымды. Сондықтан біз өз аумағымызда жаттығулар өткізуге мәжбүрміз. Біз Қарулы Күштердің бірлескен тобын да, өз қарулы күштерімізді де қажет деп санайтын жерге көшіреміз. Болды. Ешқандай жасырын бір арам ой жоқ", - деп атап өтті Беларусь көшбасшысы.

Лукашенко сонымен қатар жиналыста екі маңызды және бір-бірінен ажырамас екі тақырыпты талқылау қажет екенін айтты.

"Біздің елімізге қауіп төнуі мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Кем дегенде, біз көршілерімізден осындай дайындықты көреміз. Біздің шекарамызда шиеленіс туғызу үшін осы көршілерді кім мұндай әрекетке итермелеп отырғанын да жақсы білеміз", — деп атап өтті Беларусь Президенті.

Оның айтуынша, жоғарыдағы себептерге байланысты жедел әрекет ету күштерін тексеру туралы шешім қабылданды.

Ал тексерудің екінші бөлігі терроризмге қарсы іс-қимылдарға арналды. Қазіргі уақытта операциялар толығымен аяқталды және қарулы күштер, арнайы операциялар күштері, арнайы бөлімшелер тұрақты орналасу жерлерінде.

Минск одақтас мемлекет шекарасында НАТО елдерінің әскери күшінің күшеюіне бірнеше рет алаңдаушылық білдіргенін еске саламыз. Осыған байланысты, өткен жыл ішінде республика аумағында түрлі әскери жаттығулар өткізу жиіленіп кетті. Қазан айында Беларусь пен Ресей президенттері Беларусь аумағында бірлескен әскерлер тобын орналастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу