Лукашенко Беларусьтен Қазақстанға шықты

214

Лукашенко Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысады. 

Лукашенко Беларусьтен Қазақстанға шықты Фото: БелТА

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен ұшып кетті. Бұл туралы Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Беларусь үшін алдағы саммиттің негізгі мәселесі – елді ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау рәсімін аяқтау. Александр Лукашенко саммитте сөйлейтін сөзінде ұйымның жұмысындағы маңызды бағыттарға және Беларусьтің жалпы міндеттерді шешуге қосқан үлесіне тоқталады", - делінген хабарламада.

Саммит алаңында ол шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь әлі күнге дейін ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие. Ел ұйымның толыққанды мүшесі болуы үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді аяқтап үлгерді. Беларусьтің ШЫҰ-ға қабылдануы 3-4 шілдеде Астанада өтеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу