Лукашенко биліктен оңайлықпен кетпейтінін мәлімдеді

974

Беларусь президенті конституциялық реформадан кейін мерзімінен бұрын президент сайлауы өтуі мүмкін екенін айтты.

Лукашенко биліктен оңайлықпен кетпейтінін мәлімдеді

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазіргі қызметінен оңайлықпен кетпейтінін жариялады.  

"Ия, мүмкін, мен бұл орында тым көп отырған шығармын. Мені тек теледидардан ғана емес, қазір барлық жерден көрсетіп жатқан болар. Ия. Бірақ дәл қазір Белоруссияны тек мен қорғай аламын", – деді ол Ресей телеарналарына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Александр Лукашенко билікке 1994 жылы келген болатын. 2020 жылдың 9 қыркүйегінде ол қайтадан сайланды. Бірақ биылғы саяси доданың қорытындысына қарсы болғандар жаппай ереуілге шығып, қайтадан сайлау өткізуді талап етті. Бұның арты саяси дағдарысқа әкеліп соқты. Кейін Лукашенко конституциялық реформа жасалғаннан кейін ғана мерзімінен бұрынғы сайлау өткізуге дайын екенін жеткізді.

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу