Лукашенко дауыстың 80,23%-ын жинады

914

Жергілікті құқық қорғаушы Минсктегі ереуіл салдарынан бір адам қаза тапты деп отыр. 

Лукашенко дауыстың 80,23%-ын жинады

Алдын ала қорытынды бойынша, Беларусьтың қазіргі президенті Александр Лукашенко президент сайлауында дауыстың 80,23%-ын жинап. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина мәлім етті. 

Оның айтуынша, оны қолдап 4,6 миллион адам дауыс берген. Ескере кету, керек дауыс беруге 5,7 миллион адам қатысқан. Бұл жергілікті халықтың 84,23%-ы.
9 тамызда болған осы саяси додадан кейін кейбір белсенділер ел астанасы Минск қаласының көшесіне шығып, дауыс беру қорытындысына наразы екенін білдірмек болды. Жергілікті билік бұл шараны заңсыз наразылық акциясы деп таныды.

Ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. "Весна" құқық қорғау орталығының өкілі Валентин Стефановичтың айтуынша, салдарынан бір адам қайтыс болып, үш ереуілші жарақат алды. Әзірге елдің ІІМ бұл турал ресми түрде ақпарат жарияламады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу