Лукашенко ереуілді АҚШ пен Еуропа ұйымдастырды дейді

445

Сонымен қатар ол Батыс елдері Беларусьты Ресейге қарсы пайдаланғысы келетінін мәлім етті.

Лукашенко ереуілді АҚШ пен Еуропа ұйымдастырды дейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі тәртіпсіздіктерді АҚШ пен Еуропа ұйымдастырып отыр деген пікірде. Бұл туралы "БелТА" басылымы хабарлады.

"Бұның бәрін жоспарлап, бағыт беріп отырған АҚШ. Ал еуропалықтар оның ырқына көніп отыр. Не істе десе, соны істейді. Варшава маңында осыған қатысты арнайы орталық бар. Біз бұл орталықтың немен айналысып отырғанын бақылап отырмыз, білеміз", – деді Лукашенко.

Лукашенко Батыс елдері Беларусьты Ресейге қарсы пайдаланғысы келетінін алға тартты. "Бұл тәртіпсіздіктерді олар бұрыннан әзірлеген. Ресей де бізді жоғалтудан қорықты. Батыс елдері бізді Ресейге қарсы пайдаланбақ болып, осыны істеп отыр", – деп басып айтты Беларусь президенті. 

Табиғат Нұрболат 

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу