Беларусь президенті Александр Лукашенко ешқайда қашпағанын, ешқайда қашпайтынын және балаларының да елден кетпейтінін мәлім етті.
"Мен қорқақ емеспін. Яғни мен ешқайда қашып кетпедім, мұндай қадамға бармаймын. Балаларым да ешқайда кетпейді", – деді ол.
Соңғы мәлімет бойынша, Лукашенко 14 қыркүйекте Мәскеуге ресми іссапармен аттанбақ.
9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін жаппай ереуілдер басылмай тұр. Саяси тартыста қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинаған болатын. Оппозиция сайлау әділ өтпеді деп, оны қайтадан өткізуді талап етіп отыр.
Табиғат Нұрболат