Лукашенко "қаралы қаңтар" жайлы бей-берекет сөйлеп кетті

1832

Ескі жаңа жылдың құрметіне Минскіде өткен жиында Беларусь Президенті Александр Лукашенко көсіліп біраз әңгіме айтты. Арасында Алматыдағы "қаралы қаңтар" қасіреті жайлы да сөз болды.

Лукашенко "қаралы қаңтар" жайлы бей-берекет сөйлеп кетті

Беларусь көшбасшысы қопаңдап, ойына келгенін бей-берекет айтатын мінезін тағы да көрсетті.

Оның сөзінше, Қазақстанды шайқағандар – Батыс елдері.

Көзге көрінбей, астыртын түрде бүлік ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстанды шайқау арқылы бүкіл ТМД-ға топалаң ұйымдастыру.

Лукашенконың сөзінше, Батыс елдері 2020 жылы Беларусь республикасын да жағадан алған. Бірақ Беларусьтер олардың "мүйіздерін қағып" алғаннан кейін енді Қазақстанмен айналысуға көшті. 

Беларусь президентінің пайымынша, екі жақтағы оқиға бір-біріне ұқсас.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу