Лукашенко кезінде өзіне қарсы шыққандарға рақымшылық жасады

258

Беларусь президенті Александр Лукашенко "наразылық білдіру бағытында" қылмыстары үшін сотталған тағы 30 адамға рақымшылық жасады. 

Лукашенко кезінде өзіне қарсы шыққандарға рақымшылық жасады Фото: Byambasuren Byamba-Ochir / EPA / ТАСС

Бұл туралы Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұл шешім – осы адамдарға жасалған адамгершілік. Олар қалыпты өмірге, отбасы мен жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік алды", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Лукашенко рақымына іліккендер қатарында 7 әйел мен 23 ер адам бар. Сотталғандардың көпшілігі кәмелетке толмағандар мен жас балалардың ата-аналары. Кешірімге ұсынылған барлық адамдарды бас прокурор Андрей Шведтің басшылығымен қашқындарды қайтару жөніндегі комиссия қарастырды.

"Осы адамдардың барлығы рақымшылық үшін міндетті шарттарын сақтады — олар кешірім жасау туралы өтініш білдірді, кінәсін мойындады, шын жүректен өкініп, құқықтық мойынсұнушылық өмір салтын ұстануға уәде берді", — деп атап өтті Беларусь президентінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы президенттік сайлаудан кейін Беларусьте жаппай наразылық акциялары өтті. Олар басылғаннан кейін ел билігі республиканы радикалды оппозициядан тазартуға кірісті. Нәтижесінде наразылыққа шыққандардың біразы бас бостандығынан айыру орындарында қамалды. Бұған дейін Лукашенко 16 тамызда "наразылық білдіргені" үшін сотталған 30 адамға кешірім жасау туралы алғашқы Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды. Олардың ішінде 14 әйел мен 16 ер адам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу