Лукашенко КГБ қызметкерлерін "Украинадағы арнайы операциясы" үшін марапаттады

638

7 сәуірде Украина аумағында қалып қойған ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерін елге қайтару операциясы жүргізілді.

Лукашенко КГБ қызметкерлерін "Украинадағы арнайы операциясы" үшін марапаттады Фото: reuters.com

Беларусь Президенті Александр Лукашенко мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне беларусьтық жүк көліктерін Украинадан қайтару бойынша жүргізген арнайы операциясы үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лукашенко 7 сәуірде КГБ қызметкерлері Украина аумағында қалып қойған ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерін елге қайтару үшін арнайы операция жүргізілгенін жариялаған еді. Ол операцияның егжей-тегжейін ашып айтпады, бірақ КГБ төрағасы Иван Тертельге қатысқандардың барлығын мемлекеттік наградаларға ұсынуды тапсырды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу