Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қытайға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz БЕЛТА- ға сілтеме жасап.
Лукашенко Бейжіңде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен тар және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді.
Сауда-экономикалық, инвестициялық әрі гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ауқымды жобаларды іске асыру, саяси саладағы өзара іс-қимыл, қазіргі халықаралық жағдайдағы аса өткір сын-қатерлерге ден қою мәселелері басты назарда болады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша негізгі салалардағы қатынастарды дамыту бойынша құжаттардың үлкен пакетіне қол қойылады деп күтілуде.
Лукашенконың ҚХР-ға мемлекеттік сапары 2 наурызда аяқталады.