Лукашенко "мәңгілік президент" болуға дайын екенін мәлімдеді

1540

Ол Беларусь-Ресей әскери жаттығуларын тексерді.

Лукашенко "мәңгілік президент" болуға дайын екенін мәлімдеді Фото: reuters.com

Александр Лукашенко егер Батыс елдері Беларусьқа шабуыл жасай берсе, өмір бойы президент болып қала беретінін мәлім етті. Бұл туралы ол Осиповичский полигонындағы "Одақтық шешім-2022" деп аталатын Беларусь-Ресей әскери жаттығуларының барысымен танысқаннан кейін журналистерге осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен ешқашан қашан кететінімді айтқан жоқпын, тек қандай жағдайда кететінімді айттым. Егер Батыс елдері, әсіресе АҚШ біздің елімізді өз нысанасынан алып тастап, төңкеріс ұйымдастыру ойынан арылса, билік заңды түрде, ертерек ауысады. Ал егер сіздер әдеттегідей шабуылдайтын болсаңыз, мен өмір бойы президент болып қаламын", – деді Александр Лукашенко.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина 15 жылдан кейін одақтас мемлекетке кіреді деп мәлімдеген еді. "Егер біз қателік жібермесек, 15 жылдан кейін Украина одаққа кіруі мүмкін деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу