Лукашенко өзінің көмекшісін мемлекеттік қызметке сәйкес келмейтін теріс қылығы үшін жұмыстан шығарды

272

Бұл туралы Беларусь мемлекеті басшысының ресми сайтындағы хабарламада айтылған. 

Лукашенко өзінің көмекшісін мемлекеттік қызметке сәйкес келмейтін теріс қылығы үшін жұмыстан шығарды Фото: nashaniva.com

Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің көмекшісі Игорь Брылоны жұмысқа жарамайтын әрекеті үшін қызметінен босатты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Беларусь президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Беларусь президентінің көмекшісі Игорь Брыло – Витебск облысы бойынша инспектор лауазымынан мемлекеттік қызметте болуына сәйкес келмейтін құқық бұзушылық жасағаны үшін босатылды. Тиісті №374 Жарлыққа Мемлекет басшысы Александр Лукашенко қол қойды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін, елдің Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігін басқарған көмекшінің қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы қосымша мәлімет жоқ.

Беларусь ақпарат құралдарының өткен аптадағы деректеріне сәйкес, Игорь Брыло жұмыс орнынан жоғалып кеткен, содан кейін "сүт ісі" бойынша МҚК тергеу изоляторына қамалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу