Лукашенко: сайлау қайтадан өткізілмейді

722

Ол билік өкілеттігін конституциялық процесс арқылы тағайындауға үндеді.

Лукашенко: сайлау қайтадан өткізілмейді Фото: tass.ru

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск дөңгелек тартқыштар зауытының қызметкерлерімен кездесу барысында сайлаудың қайтадан өткізілмейтінін мәлім етті. 

"Біреулердің қысымынан кейін райымнан қайтқанымды ешқашан көрмейсіңдер. Жаңа сайлау болмайды. Олай болған жағдайда МЗКТ, МАЗ және БЕЛАЗ-дан жарты жыл ішінде айырылып қаламыз", – деді Лукашенко.

Ол билік өкілеттігін көшедегі ереуілдер емес, конституциялық процесс арқылы тағайындауға үндеді.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьте өткен сайлаудан кейін елде жаппай ереуілдер басталған еді. Сол уақыттан бері тәртіп сақшылары мен бас көтергендер арасында қақтығыстар орын алды. Елдің ІІМ-нің мәліметінше, ереуіл кезінде жүздеген бейбіт тұрғын, 120 қарулы күш қызметкерлері жарақат алып, 1 ереуілші қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу