Лукашенко шиеленісті күшпен шешудің қаупі туралы айтты

800

Саясаткер Ауғанстандағы оқиғалардан кейін батыс елдерін "эталондық" демократиялық құндылықтарды насихаттаудан бас тартуға үндеді.

Лукашенко шиеленісті күшпен шешудің қаупі туралы айтты Фото: reuters.com

Жаһандық шиеленіс қақтығыстарды күшпен шешу қажеттілігіне әкеліп соқты. Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко Душанбеде өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, кейбір елдер әлі де халықаралық құқық нормаларын бұзуда, олардың әрекеті әлемнің бірқатар аймағындағы жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соққан.

"Өкінішке қарай, биыл халықаралық жағдай жақсармады", – деді Лукашенко.

Беларусь басшысы бұл жағдайда әскери бюджеттің өсуі және қаруды бақылау жүйесінің бұзылуы алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. 

Саясаткер Ауғанстандағы оқиғалардан кейін батыс елдерін "эталондық" демократиялық құндылықтарды насихаттаудан бас тартуға үндеді.

"Жақында ғана Ауғанстандағы жағдайдан кейін, қандай құндылық және қандай демократия екенін көрдік", – деп сөзін түйіндеді Лукашенко.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу