Лукашенко ШЫҰ аясында ұлттық валютада екіжақты төлем жүйесін енгізуді ұсынды

302

Беларусь "ШЫҰ+" ұлттық валютада екіжақты төлем жүйесін енгізуді және ұжымдық қаржылық институттарын құруды ұсынды. 

Лукашенко ШЫҰ аясында ұлттық валютада екіжақты төлем жүйесін енгізуді ұсынды Фото: akorda.kz

Лукашенко доллардан тәуелділікті азайту жолдарын қарастыру керек екенін алға тартты, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

"Беларусь ұлттық валютада екіжақты төлем жүйесін енгізу тетіктерін қарастырады және ұжымдық қаржылық институттарын құруды ұсынады. "Біз ірі елдерміз" деп жиі мақтанамыз, біз шынымен де ұлымыз. Біздің халықтарымыз бүкіл әлем халықтары санының 40%-ын құрайды, біздің сатып алу мүмкіндігіміз де баршылық, бірақ бәріміз долларға тәуелдіміз. Ең болмағанда қазір шетелдік валютаға деген тәуелділікті азайту жолдарын қарастыру керек", – деді Александр Лукашенко.

Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен "ШЫҰ+" саммиті өтіп жатқанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу