Лукашенко соғыста жеңіске жеткізетін қаруды атады

926

Дрондарсыз жеңіс тұрмақ, соғыс туралы айтудың өзі артық.   

Лукашенко соғыста жеңіске жеткізетін қаруды атады Фото: РБК

Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко Лесновск әскери полигонына жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, қазіргі соғыс – ұшқышсыз ұшақтардың тайталасы. 

"Біз қазір бірде-бір соғыстың дронсыз жүрмейтінін көріп отырмыз. Ұшқышсыз ұшақтар сарбаздардың ізіне түсе бастаған", — деді ол.

Лукашенко сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарымен оқу-жаттығулар соғыс барысына барынша ұқсас жағдайда өтуі керек екенін атап өтті.

"Барлығы шайқастағыдай табиғи түрде болуы керек және ешқандай көзбояушылық болмауы керек. Мен үшін істеудің қажеті жоқ", - деп атап өтті Беларусь көшбасшысы.

Беларусь президентіне ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы отандық әзірлемелер көрсетілгеннен кейін, ол мұндай құралдарды өндіруде отандық құрамдас бөліктерге барынша назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, "бәрі өзіңдікі болуы керек".

Беларусь президентіне мәселенің екінші жағы — пилотсыз авиацияға қарсы іс-қимыл кезінде электрондық күресті дамыту перспективалары туралы баяндалды.

"Біз бірінші кезекте не өндіруіміз керек және қайда қою керектігін шешуіміз керек", — деді Беларусь көшбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Лукашенко қазір Брест облысында жұмыс сапарында жүр. Обуз-Лесновский жалпы әскери полигонында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, Қарулы Күштердің пилотсыз авиациясын дамыту перспективалары туралы айтылды. Беларусь көшбасшысына 30-дан астам әскери бұйымдар ұсынылды. Көрсетілім барысында Беларусьтің ұшқышсыз авиациялық кешендеріне (ҰАК) басты назар аударылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу