Бұл туралы Беларусь көшбасшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Біріккен Араб Әмірліктері басшылығы мен Зимбабве президентінің шақыруымен Беларусь мемлекетінің басшысы алдағы күндері осы елдерге сапармен барады. Сапар барысында Беларусь президентімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер жоспарланған", - делінген хабарламада.
Беларусь ЕО елдері мен АҚШ тарапынан қатаң санкциялық қысымға ұшырағанын еске саламыз, сондықтан Минск Батыстың тікелей ықпал ету аймағынан тыс елдермен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін іздейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу