Лукашенко: Украина Беларуське шабуыл жасамақшы

681

Беларусь Президенті Александр Лукашенко 10 қазанда қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Лукашенко: Украина Беларуське шабуыл жасамақшы

Ол Украинаны Беларуссияның оңтүстігіне соққы берудің арты не боларын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Мен Украинада Беларусь аумағына соққы беру бүгінде талқыланып қана қоймай, жоспарланғанын айтып келемін. Әрине, украиндықтарға бұл мүлдем қажет емес, бірақ олар не үшін біздің оңтүстік шекарамызда, өздерінің солтүстігінде екінші майдан ашып жатыр? Неліктен? Әскери тұрғыдан қарасақ, нағыз ақымақтық. Бірақ соған қарамастан процесс басталып кетті. Оларды иелері бізді соғысқа тарту үшін Беларуссияға қарсы соғыс бастауға итермелейді. Ресейді ғана қоймай, Беларуссияға да сес көрсетпекші", - дейді Лукашенко. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу