Беларусь Президенті Александар Лукашенко Украинаны Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мемлекет басшысының сайтында құттықтау сөздері жарияланды. Беларусь көрші елмен достық байланыстарды дамыту жағын қолдайтынын білдірді.
"Қазіргі қарама-қайшы ұстанымдарымыз екі ел халықтары арасындағы шынайы тату көршілік қарым-қатынастардың іргетасын бұза алмайтынына сенімдімін. Беларусь барлық деңгейдегі өзара сыйластық байланыстарды сақтау үшін әрекет етуін жалғастырады", – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский "Ресей жақында жойқын шабуыл ұйымдастыруы мүмкін" деп айтқан болатын. Соққылар 23-24 тамыз аралығында жасалуы мүмкін екенін хабарланды.
Ескере кететін жайт, бұл күндері Украинада Ту күні мен Тәуелсіздік Күні атап өтіледі.
Табиғат Нұрболат