Лукашенконың Бәкиевпен кездесуі Бішкектің ашуын келтірді

1114

Ресми Бішкек Лукашенко мен Бәкиевтің кездесуіне байланысты наразылығын білдірді.

Лукашенконың Бәкиевпен кездесуі Бішкектің ашуын келтірді

Минск қаласында Беларусь президенті Александр Лукашенконың тақтан қуылған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевпен кездесуіне байланысты ресми Бішкек Минскіге наразылығын білдірді. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрілігіне Беларусь Республикасы елшілігінің өкілі шақырылды. СІМ кездесу барысында оған Қырғызстанда сотталған тұлғамен ресми түрде бас қосулардың өткізілуіне қатысты наразылық нотасын тапсырды", – делінген мәлімдемеде. 

Министрлік баспасөз қызметінің айтуынша, белорус дипломатының шақырылуына Беларусь президентінің ресми сайтында

Лукашенконың Бакиевпен кездесетіні туралы жазбасы себеп болған. 

Айта кетейік, Құрманбек Бәкиев 2005 жылдан бастап 2010 жылға дейін Қырғызстан президенті болған. Ол 2010 жылғы төңкерістен кейін биліктен қуылып, елден қашып кеткен еді.Қазір ол Беларусьте тұрып жатыр. Қырғызстанда оны 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу