Лукашенконың қарсыласының ұлы қамауға алынды

520

Әкесі екеуі изоляторда.

Лукашенконың қарсыласының ұлы қамауға алынды Фото: rbc.ru

Беларусь астанасы Минск қаласында президенттікке үміткер яғни Александар Лукашенконың қарсыласы Виктор Бабариконың ұлы да тұтқындалды. Эдуард Бабарико әкесі сияқты изоляторға қамалған. Әзірге билік күдікті деп танылған осы екі азаматқа қатысты қылмыстық істің жай-жапсарын ашып айтпады. Тіпті Бабариконың қорғаушысы да тіс жармай отыр.

Еске сала кетсек, Виктор Бабарико 18 маусымда қолға түсірілген еді. Беларусьтің мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті Бабариконың заңға қарсы әрекетке қатысы бар дейді. Бірақ нақты не екенін анықтап айтпады. Осы оқиғаға дейін Бабарико кандидатурасын президенттікке ұсынбай тұрып басқарған

"Белгазпромбанк"-тың 15 қызметкері қамауға алынды.Олардың қатарында жұмыстан шыққан және қазір қызметте жүргендері бар.

Виктор Бабарико тұтқындалғаннан кейін, елде жаппай ереуілдер басталды. Мыңдаған адам қала көшелеріне шығып, наразылығын білдірді. Тәртіп сақшылары 20 маусымда 270 ереуілшіні қолға түсіріп, қамап тастады.

Беларусьтегі президенттік сайлау осы жылдың 9 тамызына белгіленген. Елді 1994 жылдан бері басқарып келген Александр Лукашенко осымен алтыншы мәрте сайлауға түсейін деп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу