"Лукойл" активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

178

Келісім ресейлік компанияның Қазақстандағы активтерін қамтымайды. 

"Лукойл" активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ Фото: tbank.ru

"Лукойл" компаниясы өзінің шетелдегі активтерін америкалық Carlyle инвестициялық компаниясына сату бойынша мәмілеге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Лукойл" компаниясы америкалық Carlyle инвестициялық компаниясымен LUKOIL International GmbH компаниясын сату туралы келісім жасалғанын хабарлайды. Аталған компания "ЛУКОЙЛ-дың" шетелдегі активтеріне 100 пайыз иелік ететін еншілес ұйым. Бұл мәмілеге Қазақстан Республикасындағы активтер кірмейді. Олар "Лукойл" тобының меншігінде қалып, тиісті лицензиялар аясында өз қызметін жалғастырады. Жасалған келісім бірқатар шарттардың орындалуына тікелей байланысты. Олардың қатарында қажетті реттеуші органдардың келісімдерін алу кіреді. Соның ішінде АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) Carlyle компаниясымен мәміле жасауға рұқсат алу да бар", – деп хабарлады компания. 

"Лукойл"-дың басқа да әлеуетті сатып алушылармен келіссөздерді жалғастырып жатқаны белгілі болды. 

Carlyle жеке инвестициялық қоры 474 миллиард доллардың активтерін басқарады. Компания 1987 жылы Вашингтон қаласында құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу