"ЛУКОЙЛ" басшысы Вагит Алекперов Президентке есеп берді

1135

Мемлекет басшысы "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"ЛУКОЙЛ" басшысы Вагит Алекперов Президентке есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.

Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен "Лукойл" жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. "Жеңіс" және "Әл-Фараби" жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ "Лукойл" мұнай компаниясы – "Қаламқас-теңіз" бен "Хазар" теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.

Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу