"Лукойлдың" шетелдік еншілес компаниясын кімнің сатып алатыны белгілі болды

315

Мәміленің нақты шарттары жария етілмеді.

"Лукойлдың" шетелдік еншілес компаниясын кімнің сатып алатыны белгілі болды Фото: hurriyetdailynews.com

Ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясы санкцияларға байланысты өзінің шетелдік еншілес компаниясын Gunvor Group Ltd. мұнай трейдеріне сатуға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компанияның баспасөз хабарламасында айтылғандай, Gunvor Group-тан Lukoil International GmbH компаниясын сатып алу жөнінде ұсыныс түскен. Тараптар бұған дейін келісімнің негізгі шарттарын мақұлдаған. Дегенмен мәміленің соңғы шарттары жария етілмеді.

"Lukoil International GmbH компаниясын сату кейбір елдердің "Лукойл" және оның еншілес ұйымдарына қарсы енгізген шектеу шараларына байланысты", – деп хабарлады компания.

Енді Gunvor Group АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан рұқсат алуы тиіс, қажет болған жағдайда басқа елдерден де тиісті лицензиялар алуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу