Лувр музейі қауіпсіздік жүйесін күшейту үшін тендер жариялады

85

Жоба музейдің өз бюджеті есебінен қаржыландырылмақ.  

Лувр музейі қауіпсіздік жүйесін күшейту үшін тендер жариялады Фото: paristickets.tours

Лувр музейінің басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған жұмыстарды орындау үшін тендер жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Бюджет көлемі мен нақты жұмыстардың тізімі әзірге жарияланбады. Тендерге өтінім беру мерзімі 3 желтоқсанда аяқталады. Мердігермен жасалатын келісімшарттың жоспарланған мерзімі – 7,5 жыл.

Лувр директоры Лоранс де Кардың айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін музейге қосымша 100 бейнебақылау камерасы орнатылады және ғимарат ішінде полиция бөлімшесі ашылады.

Алдағы 2 аптада музейде "рұқсатсыз кіруді алдын алу жүйелері" іске қосылмақ, бірақ олардың нақты қалай жұмыс істейтіні айтылмады.

Луврда 19 қазанда болған ірі ұрлықтан кейін қауіпсіздікке қатысты шаралар күшейтіліп жатыр. Сол күні құны 88 млн еуроға бағаланатын зергерлік бұйымдар ұрланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу