Лувр музейінен ұрланған құнды жәдігерлердің шығыны белгілі болды

Мұны Париж прокуроры Лора Бекко айтып отыр. 

Лувр музейінен ұрланған құнды жәдігерлердің шығыны белгілі болды Фото: GettyImages

Оның сөзінше, қолды болған қымбат бұйымдар 88 миллион еуроға бағаланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол аталған сомаға "сұмдық" пікір білдірген әрі материалдық шығынды тарихи шығынмен еш салыстыруға келмейтінін жеткізген.

– Лувр кураторы залалды 88 миллион еуро деп бағалады, – деді прокурор RTL телеарнасына. 

Оның пайымдауынша, қылмыскерлер бұл бағалы заттарды қайта балқытып сатса да, мұндай ірі сомаға ие бола алмайды. 

– Олар мұндай әрекетке барса, өзіне де, адамзаттың мәдени мұрасына да үлкен зиян келтіреді, – деп түсіндірді Бекко.

Қазіргі уақытта Париж прокуратурасы ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді анықтау және қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеу бағытында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 
Франция президенті Эмманюэль Макрон құнды жәдігерлердің табылатынын айтып, кінәлілердің міндетті түрде жауапқа тартылатынын ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу