Луврда істейтін қызметкерлер ереуілге шығады

332

Ұры түскен Лувр мұражайы лас суға толған болатын.

Луврда істейтін қызметкерлер ереуілге шығады Фото: AP Photo

Лувр музейінде болған кезекті даудан кейін әлемдегі ең ірі мұражайлардың бірінің қызметкерлері ереуілге шығатын болды. Бұған еңбек жағдайының нашарлауы мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі себеп. Наразылық акциясы 15 желтоқсанда басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Кәсіподақтар мұражайдағы кадр тапшылығына, техникалық ақауларға және ғимараттардың тозуына назар аударды. Олар коллекцияларды қорғау, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі толық көлемде қамтамасыз етілмей отырғанын айтады. Бұл жағдайға мәдениет министрі Рашида Датидің араласуын талап етті.

Le Monde басылымының жазуынша, ғимаратта су ағу қаупі бар екенін қызметкерлер басшылыққа бірнеше жыл бойы ескерткен. Алайда ешқандай шаралар қабылданбаған. Салдарынан мұражай кітапханасының бір бөлімін су басты. 

Луврдың бас директорының орынбасары Франсис Стейнбоктың сөзінше, египтология бөліміндегі 300-400-дей құжат бүлінген. Олардың денін  тарихи журналдар мен ғылыми материалдар құрайды.

Айта кету керек, бұған дейін Францияда Луврды тонады деп күдікке ілінгендердің бәрі қамауға алынғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу