Луврдағы ұрлық туралы фильм түсірілмек

61

Жоба авторлары болашақ картинаны деректі фильм форматында түсіруді көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Луврдағы ұрлық туралы фильм түсірілмек Фото: canva

Францияның ең әйгілі музейіндегі ұрлық тарихы Голливуд сценаристерінің фантазиясына сұранып тұрған оқиға еді. Сондықтан бұл сюжет бір күні үлкен экранға шығатыны әуел бастан-ақ анық болатын. The Hollywood Reporter жазғандай, фильмге айндыруға қатысты нақты жоспарлар жасалып қойған.

Онда қылмыстың қалай жасалғаны ғана емес, тергеудің әр сәті, қылмыскерлерді іздеу операциясы да нақты уақыт режимінде көрсетілмек. Сонымен қатар ұрланған зергерлік бұйымдардың қайда кетуі мүмкін екені қара нарық па, әлде Антверпендегі алмаз саудасы ма, бәрі жан-жақты зерттелетін болады.

Фильмнің артында америкалық режиссер Ар Джей Катлер мен француз деректі фильм маманы Лоран Бузеро тұр. Олар қазірдің өзінде тру-крайм мен триллер жанрын біріктіретін жобаны қолға алған. Картинаның мақсаты – полиция тергеушілерінің жұмысын барынша шынайы түрде көрсету. Авторлардың айтуынша, фильмде оқиғаның куәгерлері, музей қызметкерлері және қала тұрғындары да сөз алады.

Еске сала кетейік, 19 қазанда төрт қарақшы құрылысшылардың киімін киіп, мобильді көтергіш арқылы музейдің терезесінен ішке кіріп, 80 миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды алып кеткен еді. Қазір бірнеше күдікті ұсталғанымен, бағалы әшекейлердің қайда екені hâлі белгісіз. Тергеу тобы қарақшылыққа қатысы бар өзге адамдарды және қылмысты ұйымдастырушыларды іздеуді жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу