"LV FORCE" қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша азаматша Е.Е.Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚМА департаментінің мәліметінше, 2018 жылдан бастап Лишко Е.Е. Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында "LV FORCE" компаниясын құрып, пирамида қызметін ұйымдастырған.
"Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады", - делінген Ақмола облысы бойынша ҚМА департаменті таратқан хабарламада.
Сот Е.Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.