LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолы кесілді

869

Ақмола облысында 450 млн астам теңгеге залал келтірген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолы кесілді

Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті "LV Force" қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында "LV Force" қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды.

Қаржы пирамидасына 2000-нан астам сеніп қалған азамат тартылған. Келтірілген шығын 450 млн теңгеден асты.

Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу