Львовта Ресей және КСРО-мен байланысы бар 34 көшенің атауы өзгертіледі

1097

Бұл мәселемен арнайы жұмыс тобы айналысады.

Львовта Ресей және КСРО-мен байланысы бар 34 көшенің атауы өзгертіледі

Украинадағы Львов қаласының билігі Ресей және КСРО-мен байланысы бар 30-дан астам көшенің атауын өзгертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz шаһар басшының орынбасары Андрей Москаленконың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Басты мақсат – топонимдерді деколонизациялау және Ресей қайраткерлерінің есімдерімен аталған көшелердің атауын өзгерту ғана емес, Украина әскеріне, еріктілеріне, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлеріне, қоғам қайраткерлеріне құрмет көрсету", – деді Москаленко.

Оның айтуынша, қала көшелерінің атауын өзгерту мәселесімен арнайы жұмыс тобы айналысады.

Тізімге 34 көше енгізілді. Олардың қатарында Карл Брюллов, Михаил Врубель, Михаил Глинка, Софья Ковалевская көшелері бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу