Қытай делегациясы Ақтау портына барды

278

Ақтау портына Ляньюньган қаласының мэрі Чжоу Цзинь мырза бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясы келді.  

Қытай делегациясы Ақтау портына барды Фото: t.me/railways_kz

Делегация құрамында Ляньюньган портының басшылығы мен қалалық әкімшілік өкілдері де бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Делегацияға Ақтау портының қызметі, негізгі өндірістік көрсеткіштер, стратегиялық даму бағыттары және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды.

Делегация объектіге барып, жобаның бірінші кезегін іске асыру нәтижелерімен, сондай-ақ Каспий бағытындағы контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.

Тараптар көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және бүгінгі таңда еуразиялық сауданың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

А Н Ы Қ Т А М А: Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның көпжылдық стратегиялық серіктесі – Ляньюньган портының үлестік қатысуымен іске асырылуда. Жобаны іске асыру Каспийдегі заманауи көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңызды кезеңі болып табылады және ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу