Лязат Ақтаева кетіп, Ажар Ғиният келді

1182

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

 Лязат Ақтаева кетіп, Ажар Ғиният келді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Лязат Мейрашқызы Ақтаева берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-инистрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Лязат Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988 ж.) және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2003 ж.) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласының №3 перзентханасында акушер-гинеколог болып бастаған. Әр жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2017 жылғы ақпан айында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу