Ұлыбритания Еуропа одағынан қашан шығатынын хабарлады

326

Ұлыбритания Еуропа одағынан қашан шығатынын хабарлады

Ұлыбритания ақпарат құралдары Тұманды альбионның Еуропалық одақ құрамынан шығуы туралы процесті қашан бастайтынын мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

The Telegraph басылымының мәлімдеуінше, Брексит алдағы сейсенбіде парламенттегі лордтар палатасының шешімінен кейін басталады.

Дәл осы күні премьер-министр Тереза Мэй Брюссельде өтетін Еуроодақ саммитінде есеп беруі тиіс. Сол кезде ол Брекситтің басталатыны туралы ресми мәлімдеме жасауы да мүмкін.

Британия басылымдарының болжамына Германия Канцлері Ангела Меркель жауап беріп үлгерді. Оның айтуынша, егер Тереза Мэй алдағы сейсенбіде Корольдіктің одақтан шығу процесі жүзеге асатынын мәлімдесе, қалған 27 мемлекет 6 сәуір күні шұғыл саммитке жиылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу