"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174 бабында көзделген қылмыс белгілерімен, яғни ұлтаралық алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймын.
Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді өткізу Алматы қаласы полиция Департаментінің Тергеу басқармасына жүктелді.
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 28 наурызында іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деп жазды Рустам Абдрахманов.
Бұған дейін Любовь Панова өзі жұмыс істеген "Европа плюс Казахстан" радиосындағы қызметінен кеткен болатын.