Жапонияда люкс санатты туристік пойыз алғашқы сапарға аттанды. Токио мен Хоккайдо аралы арасына қатынайтын отарбаның купелері ең қымбат қонақ үйлердің бөлмесіне ұқсас етіп жасалған. Ал саяхатшыларға тамақ әзірлеу үшін бір жыл бойы үздік аспаздар іріктеуден өткен.
Негізі 10 вагоннан тұратын пойыз 33 жолаушыға шақталған. Билеттің құны 10 мың долларға дейін жетеді. Соған қарамастан, қазірдің өзінде алдағы жылдың наурызына дейін бос орын қалмаған. Өйткені билеттерге алдын ала тапсырыс беріліп қойған.
Автор: Талғат Уәли
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу