М.Әшімбаев: Нағыз жалпыхалықтық мереке боларына ешқандай күмәніміз жоқ

580

Парламент Сенатының төрағасы Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

М.Әшімбаев: Нағыз жалпыхалықтық мереке боларына ешқандай күмәніміз жоқ Фото: senate.parlam.kz

"Құрметті достар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – дербестігімізді айғақтаған және тәуелсіздігіміздің құқықтық негізін қалаған аса маңызды құжат. Елдік пен еркіндік жолында тарихи шешім қабылданған күнді ұлттық мерекеге айналдыру – отаншылдық рухымызды асқақтатар ұтымды қадам. Алдағы уақытта бұл күннің қадір-қасиеті одан әрі артып, азаттығымызды айшықтайтын нағыз жалпыхалықтық мереке боларына ешқандай күмәніміз жоқ.

Бүгін айтулы күнге орай еліміздің барлық өңірінде көк туымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Әрдайым осылай көк байрағымыз көгімізде желбіреп, егемендігіміз нығая берсін!

Баршаңызды құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Еңселі елдіктің мәні мен маңызын арттыра түсетін ұлттық мерекеміз құтты болсын!" – деді Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу